• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:43:56
Алматы
+35°
 
XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық "Dentsu Inc." компаниясымен келіссөздер нәтижелі аяқталды. Бұл туралы "Қазақстан» РТРК" АҚ аспасөз қызметі хабарлады.
 
"Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Хабар" агенттігі" АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді. Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады" делінген ақпараттық хабарламада.
 
Қазақстан олимпиада спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия жеңіп алған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жазғы олимпиада

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір