• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:56:37
Алматы
+35°

Қытайда қираған ғимараттан 4 айлық баласын құтқармақ болған ана үйінді арасында көз жұмды.  Бұл туралы Би-би-си ақпарат агенттігі хабарлады.

Қытайдағы Хэнань провинциясында тасқын мен жаңбыр салдарынан қираған ғимаратта 24 сағат бойы ана мен баланы құтқару жұмыстары жүргізілген. Құтқарушылардың баланы құтқарып жатқан кадрлары ғаламторда кеңінен тарады. Олар баланы шамамен үш-төрт айлық деп болжаған.

– Мен баланың дауысын естідім, сол сәтте құтқарушылар баланы құтқарып үлгерді. Анасы оны биік жерге лақтырды, – деді өзін Чжао деп таныстырған отбасы мүшесі.

Құтқару тобы 4 айлық баланы ауруханаға жеткізді. Қазір сәбидің денсаулығы жақсы. Ал анасының денесі бейсенбіге дейін табылмаған. Құтқарушылар баланың анасы тапқан кезде, ол бірдеңені көтеріп тұрғандай мұздап қалғанын айтты.

Хэнань провинциясында толассыз жауған жаңбыр көптеген елдімекендерде апаттар тудырды. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан көптеген үйлер қирап, көпірлер мен жолдар жабылып қалған.

Бұған дейін құтқару жұмыстары кезінде 33 адам қаза тауып, 200 000 адам үйлерінен эвакуацияланғаны хабарланған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Хэнань

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір