• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:12:43
Алматы
+35°
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, бүгін, 2021 жылы 25 шілдеде Маңғыстау облысындағы 6 ауыл мен 4 ауылдық округте әкімдерді сайлау басталды.

Соның ішінде: Бейнеу ауданында Сарга, Есет, Төлеп ауылдарында және Сам ауылдық округінде.
Қарақиян ауданында Құланды ауылдық округінде.
Маңғыстау ауданында Жармыш, Қызан ауылдарында және Онды мен Тұщықұдық ауылдық округтерінде
Түпқараған ауданында Ақшұқыр ауылында.

Сайлауға барлығы 10 сайлау округі қатысады, оларда 14 сайлау учаскелері және 14144 сайлаушылар бар. 10 округ бойынша 25 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді (5 округте 2 кандидаттан, 5 округте - 3 кандидаттан). Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 6 ауылдарда, 4 ауылдық округтерде 14 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір