• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

28 Қыркүйек, 23:51:18
Алматы
+14°

25 шілдедегі мәлімет бойынша ПТР тест арқылы 6637 адамнан коронавирус, 84 адамнан пневмония анықталған.

24 шілдеде 70 адам коронавирустан, 20 адам пневмониядан көз жұмған.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Түркістан облысы ғана "сары" аймақта, қалған өңірлердің бәрі "қызыл" аймақта орналасқан.

Вирустың таралуы әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өршіп тұр. 25 шілдеде елордада 1510 адамнан, Алматыда 1219 адамнан, Шымкентте 520 адамнан вирус табылған.

Облыстар арасында Қарағанды (781), Атырау (420), Маңғыстау (258), Ақтөбе облысында (255) жағдай күрделі.

26 шілдедегі мәлімет бойынша, 81 077 науқас коронавирустан, 2007 науқас пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 23 868 пациент стационарда, 59 216 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында шалдыққандардың арасында 1444 адамның жағдайы ауыр, 304 пациенттің жағдайы өте ауыр, 183 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

26 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда 5 145 055 адам вакцинаның І компонентін, 3 264 705 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір