• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:06:03
Алматы
+35°

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мен бизнесмен Марғұлан Сейсембаев арасында сот процесі бойынша Жоғарғы сот Сейсембайдың шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы Мұхтар Тайжан өзінің facebook парақшасында хабарлады.

– Өткен аптада жоғарғы сот істі қайта қарау бойынша Марғұлан Сейсембаевқа бас тартты. Бұл оның соңғы үміті еді. Бұған қоса Алматының Бостандық аудандық соты оның сот шешімін атқаруды соза тұру туралы өтінішін қанағаттандырмады. Сондай-ақ сот оның адвокаттарына кеткен 4 млн теңгеден астам шығынды менен талап ету туралы өтінішін қабылдамады, – деді ол.

Сонымен қоса Мұхтар Тайжан Марғұлан Сейсембаев өзінен көпшілік алдында кешірім сұрап, моралдық шығынды мәжбүрлі өндіру бойынша Алматы қаласы сот орындаушысымен келісімге келгенін айтты. Сөзінше, сот шешімі толық орындалғанша, Марғұлан Сейсембаевтың жеке шоттары бұғатталып, шетелге шығуға тыйым салынады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тайжан Марғұлан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір