• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 13:48:04
Алматы
+12°

Коронавируспен ауырған кезде иіс пен дәм сезу ғана жоғалмайды, есту қабілеті де нашарлайды. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.

– Коронавирус инфекциясы – нейротропты вирус, ол жүйке жүйесін зақымдап, сенсоневральды кереңдікке әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда есту жүйкесінің түкше жасушалары зақымданады, сөйтіп адамның құлағы естімей қалады, – деді маман.

Дәрігер ауру салдары болатындықтан, науқастарды өз бетінше емделмеуге шақырды.

– Вирус бізге ауа-тамшы арқылы жұғатындықтан, мұрын арқылы енетін инфекция жұтқыншақ арқылы да өтеді. Сол кезде есту түтігінде проблема пайда болып, евстахиитке (есту түтігінің қабынуы – ред) әкеп соғады. Егер есту қабілетіңіздің нашарлағанын байқасаңыз, шұғыл дәрігерге қаралу қажет. Өйткені дәрігер сізге себебін анықтап, емдеу жолын көрсетеді. Үйде өздігінен емделу жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін, – деп ескертті дәрігер.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір