• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:27:49
Алматы
+35°

Фото: Алматы қаласының баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн форматта өткен жеке қабылдау кезінде қалалықтардың сұрақтарына жауап берді.

«Каменское плато» елді мекенінің тұрғыны Ж. Сырымбетованың өтініші бойынша қала әкімі бөлу желілерін қолданыстағы газ құбырына қосуды жеделдетуді тапсырды.

Ш. Дәулетқұлова Шұғыла шағын ауданының Тарғап бұрылысына кәріз люктерін орнатуды сұрады. Бұл бұрылыс инженерлік желілерді салу жобасына енгізілген – мұнда 1,3 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері тартылатын болады. Б. Сағынтаев жұмыстың сапасы мен орындалу мерзімін бақылауға алуды тапсырды.

Д. Миррахимованың өтініші бойынша қала әкімі заңды баға беруді, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайларды тұрғын үйге қайта тіркеу процесін жеделдетуге ықпал етуді тапсырды.

Түрксіб ауданының тұрғыны Б. Жүнісова егде жастағы әйелдердің дәстүрлі ән хорын ұйымдастыруға көмектесуді сұрады. Мегаполис әкімі аталған өтінішке қолдау білдірді. Б. Сағынтаев қалада зейнеткерлік жастағы адамдарға, оның ішінде «Белсенді ұзақ өмір сүру» сияқты жобалар аясында көмек көрсетілетінін атап өтті. С. Сатыбалдинаның аз қамтылған отбасылардағы босанатын әйелдерді қолдау, сондай-ақ А. Битнеровтың заманауи өрт сөндіру құралдарын енгізу жөніндегі ұсыныстары жан-жақты зерделенетін болады.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бақытжан Сағынтаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір