• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:14:32
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 31 шілде күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады. 

Министрлік мәліметінше, бір күнде ПТР тест арқылы 7573 адамнан коронавирус, 87 адамнан пневмонияанықталған. 86 науқас коронавирустан, 16 науқас пневмониядан көз жұмған.

Бүгінде барлық өңір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енген.

2 тамыздағы мәлімет бойынша, 98 951 адам коронавирустан,  2 751 адам пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 28 541 пациент стационарда, 73 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 1 676 адамның жағдайы ауыр, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр, 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 2 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда 5 429 636 адам вакцинаның I компонентін, II компонентін 3 837 063 адам салдырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір