• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 17:37:14
Алматы
+12°

Еліне қайтудан бас тартқан беларусь спортшысы Кристина Тимановская жапондық полицейлерден қорғауды сұрағаннан кейін, қазір қонақүйде қауіпсіз жағдайда.

24 жастағы Кристина Тимановская Токионың Ханеда әуежайындағы қонақүйде түнеген. Ол жексенбіде жаттықтырушыларды және беларусь билігін сынға алғаны үшін мәжбүрлі түрде әуежайға жеткізілгенін айтады.

Беларусь билігі оның командадан эмоционалдық жағдайына байланысты шығарылғанын айтады.

Спортшыға Чехия мен Польша виза ұсынған.

Қолда бар ақпаратқа қарағанда, Тимануская Еуропадан пана іздеуді қарастырып жатыр.

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) өкілі Марк Адамстың айтуынша, оған жапон билігі көмектесіп жатыр. Оған қоса, БҰҰ босқындар агенттігі сияқты халықаралық агенттіктер спортшымен байланыста болған.

Беларусь ұлттық олимпиада комитеті бұл мәселе бойынша толық есеп беруді сұрады. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) мен Жапония билігі қосымша консультациялар өткізбек.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) өткен жылы ел президенті Александр Лукашенконың даулы қайта сайлануына наразылық білдіргеннен кейін, ойындар қарсаңында беларусь комитетіне қарсы шаралар қабылдағанын хабарлаған.

ХОК кейбір беларусь шенеуніктеріне, оның ішінде президенттің баласына санкция салған.

Жексенбі күні беларусь спортшысы еліне қайтса, өміріне қауіп төнетінін мәлімдеп, Токионың Ханеда терминалында полицейлерден қорғауды сұраған.

Ал Беларусьтегі мемлекеттік БАҚ спортшыны жаппай сынға алуда.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жапония Беларусь

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір