• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:29:17
Алматы
+35°

Ұлыбритания мен АҚШ екі адам қаза тапқан танкер шабуылын "Иран ұйымдастырды" деп айыптап, мұны халықаралық құқықтың бұзылуы ретінде бағалады. Сондай-ақ жауап беруге уәде берді.

Бейсенбі күні Оман маңында израильдіктерге тиесілі фирма басқаратын "MV Mercer Street" танкеріне шабуыл жасалған.

Шабуылда Ұлыбритания азаматы мен Румыния азаматы қаза тапқан.

Израиль премьер -министрі Нафтали Беннетт бұл шабуылға Тегеранның жауапты екенін мәлімдеді.

Беннетт "біз Иранға өз жолымызбен қалай хабарлама жіберу керектігін білеміз" деп ескертті. Ал Тегеран бұл жағдайлардың бәрін "негізсіз айыптау" дейді.

Соңғы бірнеше ай бойы Израиль мен Иран басқаратын кемелерге бірнеше рет шабуыл жасалды.

Иран сонымен қатар Израильді "ядролық нысандар мен ғалымдарды нысанаға алды" деп айыптады.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Доминик Рааб жексенбіде жасаған мәлімдемесінде, Иранның "MV Mercer Street"-ке қарсы бір немесе бірнеше дронын қолданғанын жариялады. Лондон Тегеранның бұл операцияны "әдейі, мақсатты түрде" жасағанын айтты және "халықаралық құқықтың айқын бұзылуы" деп бағалады.

– Иран мұндай шабуылдарды тоқтатуы керек және кемелерге еркін жүзуге рұқсат беруі керек, – дейді Доминик Рааб.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен "шабуылды Иранның жасағанына сенетінін" және "тиісті жауап" болатынын айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Иран АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір