• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:30:49
Алматы
+35°

Неміс мамандары тез таралатын және "ковидтен де қауіпті" деп сипатталған респираторлық синцитиалды вирус (РСВ) туралы ескертті.

Германияның ең ірі балалар емханасы – Штутгарт клиникасындағы ОлгаГоспиталь соңғы екі аптада респираторлық аурулар инфекциясының көбеюі туралы мәлімдеді. Инфекцияға байланысты ауруханаға түскен балалардың саны әдеттегі маусымдық көрсеткішпен салыстырғанда екі есе өскен.

Штутгарт клиникасының басқарма төрағасы Ян Стеффен Юргенсен "жедел жәрдем бөлмесіне келетін балалар саны күрт артты. Бұрын әдетте күніне 70-ке жуық бала келетін. Жақында ауруханада бір күнде 130-ға жуық бала қабылданды" деп ескерту жасады.

Балалар жұқпалы аурулар бойынша неміс қоғамының төрағасы Тобиас Тененбаум Юргенсеннің пікірінше, бұл ауру – Ковид-19-дан әлдеқайда қауіпті, әсіресе жас балалар үшін қауіпті.

Карантин шектеуерінің жеңілдеуі қауіпті жұқпалы аурулардың тез таралуына жол ашты.

Бұл аурулардың кейбіреулері респираторлық синцитиальды вирустың қоздырғыштары.

Көптеген адамдар екі аптаның ішінде сауығып кетеді, бірақ вирус әсіресе нәрестелер мен қарт адамдар үшін ауыр болуы мүмкін.

Бұған дейін, Швейцарияда, Израильде және АҚШ-та "РС" вирусын жұқтырған нәрестелер мен сәбилердің саны күрт өскені хабарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Германия вирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір