• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 16:12:29
Алматы
+35°

Токио олимпиадасында бокстан Қазақстан командасының тағы бір өкілі Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады. 

"Ширек финалда Сәкен Бибосынов испаниялық Габриэль Эскобармен кездескен. Өте тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші раундта Сәкеннің жойқын соққысынан кейін қарсыласы нокдаун алды. 

Төрешілер бірінші раундтағы жеңісті Бибосыновқа, екінші раундтағы басымдықты Эскобарға берді. Ал шешуші кезеңде қарсыласына соққыларын дәл тигізген Сәкен Бибосынов жеңіске жетті" делінген хабарламада. 

Осылайша, Сәкен олимпиада ойындарының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдегерлер қатарына қосылып отыр. 

Бибосынов финал жолдамасы үшін таласта британиялық Джамаль Яфаимен жұдырықтасады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір