05 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: akzholra.kz
Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған балалар балабақшаға кірмейді деген қауесет тарады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Елдің және облыстың бас санитар дәрігерлері мұндай талаптардың қаулыда жазылмағанын атап өтті.
"Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 14 шілдедегі қаулысында мектепке дейінгі мекемелерге баратын бүлдіршіндердің ата-аналарын вакцинациялау туралы мәселе қозғалмайды. Балалар балабақшаларға еш шектеусіз барады" делінген министрлік таратқан хабарламада.
Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың қаулысына сәйкес, соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе COVID-19 инфекциясымен ауырғандарды қоспағанда, вирусқа вакцина алмаған адамдар күндізгі бөлімде жұмыс істеуге жіберілмейді.
Бұл талап білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының қызметкерлеріне де қатысты. Алайда аталған білім беру мекемелеріне баратын балаларға және ата-аналарына вакцинация туралы талаптар қолданылмайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір