• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:39:46
Алматы
+35°

Қазақстан құрамасы олимпиада ойындарында бокстан алғаш рет "алтынсыз" қалды, деп хабарлады Vesti.kz сайты.

Қазақстан атынан Токиоға барған 9 боксшының бәрі финалға шыға алмады. Атап айтар болсақ, команда фавориттері атанған әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов (81 келі) бірінші жекпе-жекте ұтылды. Ал Василий Левит (91 келі) бірден нокаутқа жеңіліске ұшырады.  

69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов те алғашқы жекпе-жекте ұтылды. Бұған дейін, Қазақстан 2004 жылдан бері дәл осы салмақта төрт бірдей олимпиадада алтын алып келген.

Әбілхан Аманқұл (75 келі) бірінші жекпе-жекте өзбек боксшысын жеңді. Алайда екінші айналымда бразилиялық Эберт Соусаға есе жіберді. Дәл солай Серік Теміржановта (57 келі) та екінші айналымнан аса алмады.

Ал әйелдер боксынан Токиоға жолдама алған Надежда Рябец (76 келі) бірінші айналымда канадалық Тамара Тибодан жеңіліп қалды. 

Зәкір Сафиуллин (63 келі) ширек финалда ұтылса, бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіде жоғары) пен  алтыннан үмітті болған Сәкен Бибосынов (52 келі) жартылай финалға шығып, қола жүлдені қанағат тұтты.

Токио-2020-ға дейін Қазақстан 1996 жылдан бастап бокстан жүйелі түрде "алтын" алып келген болатын. 

Атланта-1996 – Василий Жиров (81 келіге дейін);

Сидней-2000 – Бекзат Саттарханов (57 келі) пен Ермахан Ыбырайымов (71 келі);

Афина-2004 – Бақтияр Артаев (69 келі) + Вэл Баркер кубогы;

Бейжің-2008 – Бақыт Сәрсекбаев (69 келі);

Лондон-2012 – Серік Сәпиев (69 келі) + Вэл Баркер кубогы;

Рио-2016 – Данияр Елеусінов (69 келі).

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ткоио Бокс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір