• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:23:26
Алматы
+12°

Қарағанды облысында 500 адам шақырып, қызының ұзату тойын жасаған жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов қызметінен кетті. Бұл туралы өңір әкімдігі Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте хабарлады.

– Бүгінгі күннен бастап жер қатынастары басқармасының басшысы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы карантинді өрескел бұзуы, яғни пандемия кезінде той шараларын ұйымдастыруына байланысты қызметінен босатылды.

Тағы да ескертемін: мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметкердің қызметтік этикасының барлық нормасы бұзылған.

Облыста коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан үлкен жұмысты құнсыздандырмаңыздар. Тұрғындардың көңілін қалдырмаңыздар.

Мәртебелеріңіз немесе жұмыс орнына қарамастан әрекеттеріңізге жауап бересіздер!”, – дейді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Оқиға 7 тамызда болған. «109» нөміріне «Ариста» мейрамханасында жаппай іс-шара өткізіліп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Қарағанды қаласының полиция, санэпидбақылау және әкімдік қызметкерлерінен тұратын мобильді топ шықты.

Мекеменің жанында көптеген көліктер болғандықтан және мейрамхананың өзінде 400-ге жуық адам болғандықтан, аумақты қоршау үшін полицияның қосымша наряды шақырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір