10 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қытайдың кейбір бай өнеркәсіп алпауыттары Бейжіңнің реттеу шаралары кезінде 100 млд долларға жуық жеке байлықтарын жоғалтты.
Finanical Times ақпаратынша, Бейжің қытайлық Диди Чуксинге қарсы саясатты бастағаннан бері, Диди Чуксиннің жалпы кірісі 16%-ға төмендеген.
Мәліметке сәйкес, ең ауыр соққылардың бірі Пиндуоду электронды коммерция сайтының негізін қалаушы Колин Хуанге жасалған. Ол байлығының үштен бірінен немесе 15,6 миллиард долларынан айырылған. Пиндуоду акциялары шілде айының басынан бері 27% шамасында құнсызданды.
Alibaba-ның негізін қалаушы Джек Ма соңғы кездері ауыр шығындардан аман қалды, бірақ ол да Бейжіңнің қатал саясатынан аз зардап шекпеді. Шілденің басынан бері Джек Ма 2,6 миллиард доллар жоғалтқан, ал, қарашадан бері 13 миллиард доллардан айырылған.
Десе де, кейбір қытайлық магнаттар нормативтік шабуылдан пайда көрді.
"Nongfu Spring" компаниясының иесі Чжун Шаншань 72 миллиард доллар байлығымен Қытайдың ең бай адамы атанды. Оның дәулеті маусымның соңынан бері 5 миллиард долларға өсті. Сол сияқты, Қытайдың автокөлік және жаңартылатын энергия саласындағы жетекші өнеркәсіпшілерінің байлығы соңғы екі айда көбейді.
Ең үлкен шығын технологиялық саладағы қытайлық миллиардерлерде болды. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік пен денсаулық сақтау сияқты басқа да салалардағы кейбір миллиардерлер де зардап шекті.
Finanical Times басылымы Бейжіңнің соңғы кездегі қатал саясаты салдарынан қытайлық байлар 87 млд доллар шамасында жоғалтқанын есептесе, өзге ақпарат көздері қытайлық миллиардерлердің одан да көп шығынға батқанын айтады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір