• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:37:32
Алматы
+35°

Тәліптер Канадахардағы стадионда 4 командирді өлтірді деген хабар шыққаннан кейін, желіде ауған азаматтарының оққа ұшып, шұңқырға тасталғаны туралы бейнежазбалар мен суреттер пайда болды.

Ауғанстанды басқаруды өз қолына алған Талибан ұйымы туралы түрлі ақпарат желіде жариялануда. Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында тәліптер стадионда 4 командирді өлтірді делінген ақпарат шықты.

Хаос атмосферасы орнаған Ауғанстанда тәліптер өлтірген адамдарды шұңқырға лақтырып жатқан суреттер де БАҚ беттерінде жарияланды. Фотосуреттер Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандахар маңында түсірілгені белгілі болды.

Талибан ұйымы Ауғанстан астанасы Кабулға кіргеннен кейін президент Ашраф Ғани елден қашып кеткен. Ал бейбіт тұрғындар шекара мен әуежайға қарай ағылған. Ұшаққа міне алмаған тұрғындар ұшақ шассиіне жабысып, елден кетпек болған. Алайда олардың біразы ұшақтан құлап, қаза тапқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауғанстан Тәліптер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір