• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:34:40
Алматы
+35°

Байденге импичмент жариялауға шақырған АҚШ сенаторларының саны көбейе түсті. Тіпті "Байденді қызметінен алу керек, соттау керек" деген санаторлар да шыға бастады.

– Біз қиын жағдайға түстік. Біздің шетелдік одақтастарымыз, тіпті өз азаматтарымыз енді біздің үкіметке сене алмайды, Джо Байденге сене алмайды. Біздің ұлтымызға қауіп төндірсе, ережені елемесе президентке шара қолдану Конгрестің міндеті, – деді республикашылдар өкілі Марджори Тэйлор Грин президент Джо Байденге қарсы импичмент мақалаларының жаңа нұсқасын ұсынып.

Ол қазіргі үкімет лигитимді емес деп санайтынын айтып, мұны өз азаматтарына қызмет етпей отырғанымен түсіндірді.

– Біз одақтастарымыз бен азаматтарымыз үкіметке сенуі үшін Америкаға деген құрметті қалпына келтіруіміз керек. Джо Байденге импичмент жариялануы, Сенатта қаралуы, сотталуы және қызметінен алынуы керек, – деп қосты Грин.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Байден сот

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір