24 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Талибан қозғалысының өкілі халықаралық күштердің эвакуация мерзімін ұзартуға келіспейтінін айтты. Алайда АҚШ президенті Джо Байден эвакуация мерзімін ұзартатын шешім шығарады деп күтілуде.
Сейсенбіде өтетін G7 саммитінде Ұлыбританя премьер-министрі Борис Джонсон АҚШ әскерлерінің Ауғанстанда қалу мерзімін ұзартуды сұрайтынын айтты.
Ұлыбританияның Қарулы күштер министрі Джеймс Хиппи "Бұл G7 басшылары арасында болатын талқылау емес, бұл Талибанмен болатын талқылау" деді кездесу жайлы.
Франция да эвакуацияны аяқтау үшін көбірек уақыт қажет екенін айтып, мерзім таяған сайын п алаңдаушылық білдіруде.
Германия сыртқы істер министрі Хейко Маас НАТО одақтастарымен және Талибанмен Кабул әуежайында белгіленген мерзімнен кейін де ашық ұстауды талқылап жатқанын айтты.
Сенбіде Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Хосеп Боррелл он мыңдаған ауған қызметкері мен олардың отбасын белгіленген мерзімге дейін эвакуациялау "математикалық тұрғыдан" мүмкін еместігін айтты.
G7 басшылары кездескен кезде АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстандағы эвакуацияны ұзарту туралы шешім қабылдайды деп күтілуде.
Ақпараттарға қарағанда, Джо Байден сейсенбіде эвакуацияны 31 тамыздан кейін жалғастыру туралы шешім қабылдайды. Бұндай болжам туралы Әл-Жазира және Германияның DW басылымы жазды. АҚШ палатасы барлау комиссиясының төрағасы эвакуация процессінің 31 тамыздан бұрын аяқталуы "екіталай" екенін айтты.
Байден Кабул әуежайындағы қайғылы көріністерді растап, эвакуация кезінде адам шығыны, "жүректі ауыртатын көріністер" болатынын айтты.
Ал Талибан жағы халықаралық күштердің эвакуация мерзімін ұзартуға келіспейтінін жариялап, оның "ауыр салдары" болатынын мәлімдеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір