• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 10:34:00
Алматы
+12°

Мектеп директорлары мұғалімдерді жұмыска қабылдай алады. Алайда мен мына мұғалімді қабылдаймын немесе қабылдамаймын деп өзі жеке шешім шығара алмайды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

– Енді мектеп директоры келген резюмені қабылдап, конкурстық комиссия жасақтайды. Оған мектептегі әріптестері, тиісті бақылаушы органдар және кәсіподақ кіреді. Ал конкурска қатысатын үміткер құжаттарын тапсырғанда әр құжатына 10 баллдан қосып отырады. Мысалы қызыл дипломына, республикалық немесе халықаралық олимпиада жүлдегерлерін дайындаған сертификатына 10 баллдан қосып, өзінің балын біліп отырады. Сол жиналған балл бойынша, комиссия шешім қабылдайды. Кімде көп балл шықса, сол жұмысқа қабылданады, –  деді министр. 

Аймағамбетов бұл жемқорлық, туыстық арқылы жұмысқа орналасу тәуекелдерімен күресуге мүмкіндік береді деген пікірде. Аталған тәуекелдер Оңтүстік аймақтарда жиі кездесіп, арыздар көптеп түсетінін айтқан ол ашық қағидасы арқылы конкурстан өткен ұстаздар ғана жұмысқа қабылданатынын жеткізді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір