• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 18:04:37
Алматы
+35°

2021 жылдың ақпан айында ақтөбелік келіншек "қызының жыныстық мүшелерін суретке түсірді" деп айыпталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Күдіктінің анасы қызы еш дәлілсіз 6 ай бойы қамауда отырғанын, ол жақта түрлі қысым көріп отырғанын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады.

– Құрметті, қазақ елі! Мен Ақмамық Нұрғалиева, Аида Жұмамұратованың анасымын. Менің қызым заңсыз түрде 6 ай бойы Ақтөбедегі №5 тергеу изоляторында жазықсыз қамауда отыр. Қызымның бұрынғы күйеуі оны 7 жыл бойы ұрып-соғып, қысым көрсетіп келген. Ал әлеуметтік желілерде блогерлердің көмегімен қызымды педофил деп айыптап, немеремнің жыныс мүшелерінің суреттерін желіде таратуда. Тергеу кезінде қызымның кінәсіз екені дәлелденгенімен, Ақтөбе қаласының прокуратурасы қызымды әлі бостандыққа шығармады. Түрмедегілер менің қызымды ұрып, оған психологиялық қысым көрсетуде. Қызымның өмірі үшін қорқамын, – дейді Жұмамұратованың анасы.

Ашынған ана  "әділеттілікке жете алмай қаламыз ба" деп қорқады. Сондықтан істі басқа облыстың прокурорларының қарауын сұрайды.

– Құрметті қазақстандықтар, маған көмектесулеріңізді сұраймын. Мен Ақтөбе прокурорларына сенбеймін. Қазірдің өзінде олар сотпен келісіп, осы істі сотқа беруді қарастырып қойған. Мен қызымның ісін басқа облыстың прокурорларының қарауын сұраймын, – дейді күдіктінің анасы. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Акмамык Нургалиева (@akmamyk.nurgalieva)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Аида Жұмамұратова

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір