• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 12:50:12
Алматы
+12°

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылысқа байланысты 29 тамыз жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында мәлімдеді. 

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында  мәңгі сақталады" деді  Тоқаев. 

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймаларының бірі өртеніп, бірнеше жарылыс болған.

Жарылыстан жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандар да бар. Оларды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір