• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:46:58
Алматы
+35°

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

“Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Оның кім екені анықталып жатыр" деп жазылған хабарламада.

Осылайша, Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Жоғалған 2 адам іздестірілуде.

26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан қоймадағы оқ-дәрі жарылып, салдарынан 14 адам қаза тапқан. Олардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар. Әскери бөлімнен жарты шақырым жердегі Қайнар ауылындағы үйлер бүлінген.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір