• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:49:31
Алматы
+35°
Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева дәстүрлі форматта оқитын оқушылардың ата-аналарынан баласының мектепте оқуына қарсылығы жоқ екені туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан өтініш үлгісіне байланысты пікір білдірді.
 
"Құрметті ата-аналар! Офлайн оқу форматы сапалы білімді қамтамасыз ету үшін қажет. Бірақ мектептерде осындай өтініштер талап етілмеуі тиіс. Талап етсе, маған жазыңыз, әр өтінішті жеке қарастырамыз!" делінген баспасөз хатшы хабарламасында.
 
Бұған дейін әлеуметтік желіде мектеп басшысының атына ата-анадан жазылған өтініш үлгісі тараған. Ол жерде ата-ана баласының мектепте дәстүрлі форматта оқитынына қарсы еместігі, баласының қауіпсіздігі мен денсаулығына өзі жауапты екені жазылған.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: оқу жылы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір