• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:27:15
Алматы
+12°

Фото авторы: ҰҚК баспасөз қызметі

Ақтау қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің терроризмге қарсы бөлімшелері басшыларының жиыны өтуде, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

2021 жылғы 2 қыркүйекте Ақтау қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығы (ТМД ТҚО) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (ҚР ҰҚК) бірлесіп, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдарының терроризмге қарсы бөлімшелері мен арнаулы қызметтері басшылық құрамының жиыны өткізілді. жаттыгу

Жиынның негізгі іс-шарасы Достастық елдерінің құзыретті органдарының «Каспий-Антитеррор-2021» бірлескен антитеррористік оқу-жаттығуының қорытынды кезеңін өткізу.

Жиынның ашылуына ТМД ТҚО басшысы полиция генерал-полковнигі
А.П. Новиков, ҚР ҰҚК Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
К.Қ. Мәсімов, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Д.Ф. Гиёсов және басқалары қатысуда. ж

Жиын бағдарламасында мыналар көзделген:

* 2021 жылғы 23-26 тамыз кезеңінде 8 мемлекеттің: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан аумақтарында ТМД ТҚО үйлестіруші рөлінде өткізген «Каспий-Антитеррор-2021» ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының бірлескен антитеррористік оқу-жаттығуының (бұдан әрі – оқу-жаттығу) бірінші кезеңінің қорытындыларын шығару;

* оқу-жаттығудың мыналарды:

- Республикалық жедел штабтың жұмысын көрсетуді;

- Қазақстан Республикасының әлеуетті ведомстволарының бөлімшелерін тарта отырып, кепілге алынғандарды босату және террористерді бейтараптандыру жөніндегі терроризмге қарсы операция жүргізуді («Бұрғылау қондырғысы» және «Кеме» объектілері);

- теңіз инфрақұрылымы мен мұнай-газ саласының шартты объектілерінде террористік актінің салдарын жою бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ-ның іс-қимылын көрсетуді қамтитын екінші кезеңін (Ақтау қаласының теңіз порты) іске асыру. ж

Жиынға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары, арнаулы қызметтері – Әзірбайжан Республикасы МҚҚ, Армения Республикасы ҰҚҚ, Беларусь Республикасы МҚК, Қазақстан Республикасы ҰҚК, Қырғыз Республикасы МҰҚК, Молдова Республикасы АҚҚ, Ресей ФҚҚ, Тәжікстан Республикасы МҰҚК, Өзбекстан Республикасы МҚҚ делегациялары;

- ТМД Атқарушы комитеті мен салалық ынтымақтастық органдарының (Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесі Хатшылығының, Кеден қызметтері басшылары кеңесі құқық қорғау бөлімшелері басшылары комитетінің, Қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің, Мемлекетаралық авиация комитетінің үйлестіру қызметінің); Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының, Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының делегациялары;

- Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының (Қорғаныс министрлігі, АҚДМ, ТЖМ, ІІМ және басқалары) өкілдері қатысуда. ж

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір