• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:56:09
Алматы
+35°

1962 жылы ғаламдық үшінші соғысқа ұласа жаздаған Куба дағдарысы болғаны бәріңізге мәлім. Тарихи деректерге сәйкес, сол кезде Кеңес одағы мен АҚШ арасында ядролық соғыс қаупі туды. 

Қамшы редакциясы әлемдік соғысқа сәл ғана қалған 1962 жылы 28 қазандағы АҚШ президенттері (сол кездегі және бұрынғы) құпия сөйлесуінің аудиосын аударып жариялды. Қазіргі кезде ашық жарияланған аудиода АҚШ президент Джон Кеннедидің де, одан бұрынғы президент, бірақ, өзін "генерал" деп атағанды құптайтын Дуайт Д.Эйзенхауэрдың да дауыстарынан ентіге, абыржып сөйлеп тұрғаны байқалады.

Сонымен төменде 1962 жылы 28 қазанда АҚШ президенті Джон Кеннеди мен бұрынғы президенті Дуайт Д.Эйзенхауэр арасындағы телефонмен сөйлесудің дыбыстық жазбасы. Олар сол кездегі Кеңес одағының бас хаштысы Никита С.Хрущевпен болатын Куба зымыран дағдарысын тоқтату туралы келіссөздерді талқылайды. [Ақ үйдің операторы?] Қоңырауды президент Кеннедидің өтініші бойынша байланыстырады.

Кеннеди: Алло?
Эйзенхауэр: Бұл генерал Эйзенхауэр, президент мырза.
Кеннеди: Генерал, қалайсыз?
Эйзенхауэр: Өте жақсы, рахмет.
Кеннеди: О, жақсы. Генерал, (ентіге "үх" деп кідіреді) мен сізді бір мәселе бойынша хабардар еткім келді, себебі мен сіздің алаңдаушылығыңызды білемін. Бізге жұма күні, үх, кешке Хрущевтен хабар келді, үх, ол айтады, үх, «Мен бұл ракеталар мен техникаларды шығарып аламын, егер сендер Кубаға басып кіруді жоспарламасаңдар" дейді. Содан кейін бізге тағы бір ашық хабар келді, үх, онда егер біз Түркиядан зымырандарымызды алып кетсек,  жаңағы операцияны істейтінін айтты. Біз сіз білетіндей, біз бұл мәмілеге келе алмайтынымыз туралы мәлімдеме жасадық. Содан кейін, үх, біз бұл хабарды бүгін таңертең алдық, сондықтан біз оның қалай болатынын күтуіміз керек, үх, ал егер, үх, бұл зымырандарды, техникаларды алып тастау және диверсияны тоқтату болса, онда көптеген қиындықтар бар. Олардың әрекеті орындалатынын анықтау үшін біз тек қана қанағаттанарлық процедураларды жасауымыз керек. Менің ойымша, егер біз мұны істей алатын болсақ, Кубаға қатысты ұзақ әңгімеге тек бір тарау ғана қосылса да, біз өз мүдделерімізді ілгерілете аламыз деп ойлаймын.
Эйзенхауэр: Әрине, үх, президент мырза, ол үх [анық естілмейді, дегенмен Хрущевтің басқа талаптары/өтініштері туралы айтылған сияқты]
Кеннеди: Жоқ, үх, тек біз Кубаға басып кірмесек ғана болғаны.
Эйзенхауэр: Иә.
Кеннеди: Қазірге бар ақпарат осы, бірақ біз ондай жағдайда Кубаға басып кіруді жоспарламаймыз, сондықтан егер біз оларды (күштерімізді) шығарып алсақ, бізге әлдеқайда жақсы.
Эйзенхауэр: Мен былай ойланып тұрм: ол (Хрущев), үх, берілген уәдені біздің орындайтын-орындамайтынымызды білмек пе, әлде ақыры бір күні, үх, өте ұят ететін мәлімдемені немесе міндеттеме болатындай бізбен қақтығыспақ па?. Мысалы, олар [дауысы толық естілмейді, «Гуантанамо бомбалауды бастайды» деген сияқты]
Кеннеди: Дұрыс.
Эйзенхауэр: Менің ойымша, бұл келісуге болатын қадам деп ойлаймын
Кеннеди: Дұрыс
Эйзенхауэр: [түсініксіз]
Кеннеди: Жақсы келісемін, иә дұрыс. Менің ойымша, біз осылай істей беруіміз керек, меніңше, кубаның оқиғасы әлі аяқталуы мүмкін емес. Менің пікірімше, біз өз мүдделерімізді қорғау үшін жеткілікті бостандықты сақтауымыз керек.
Эйзенхауэр: Мен мұны істеймін [түсініксіз, мүмкін істеймін/айтамын]
Кеннеди: Егер олар диверсия жасаса, егер олар агрессивті әрекеттер жасауға тырысса, онда не болатыны мүлде белгісіз. Бұған қоса, менің қарауымша, келесі айдың соңына дейін біз Берлинде бетпе-бет кездесеміз, сондықтан менің ойымша, бұл әзірше маңызды , екінші жағынан, менің пікірімше, олар жай ғана (бізді) тексеріп жатыр және олардың сөздері сенімсіз, сондықтан біз осы жұмыстарға жақсылап кірісуіміз керек.
Эйзенхауэр: Иә, президент мырза, алдында айтқанымдай, бұл адамдар Берлинді [түсініксіз] басқа еш жерге теңемейді. Олар әлемнің кез келген жерінде бүлік тудырады, тек мәселе мынада:  қарсылық көрсете алмайтын жерде болсақ, бізге [қорғану керек] Біз оны істемесек, олар бірдеңе істейді және сіздің ештеңе істей алатын-алмайтыныңызды тексереді... Меніңше, сіз бұл істі дұрыс істеп жатырсыз, жалғастырыңыз, бірақ оларға сіздің агрессор болмайтындығыңызды айтыңыз, сонда сіз әрқашан олардың [түсініксіз, мүмкін "не мақсаты бар екенін"] екенін анықтауға құқығыңыз бар.
Кеннеди: Жақсы, біз солай істейміз, мен сізбен хабарласып тұрамын генерал.
Эйзенхауэр: Сізге көп рахмет, президент мырза.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Куба АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір