• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:23:32
Алматы
+12°

Қазақстанда жүргізуші куәлікке емтихан тапсыру ережелері өзгертіледі. Бұдан былай азаматтар емтихандарды төмендегідей ретпен тапсыра алады.

Алдымен теориялық, содан кейін практикалық емтихан тапсырады.

Теориялық емтихан тапсырмаған жүргізуші куәлігін алғысы келетін адам практикалық емтиханға жіберілмейді.

Теориялық және практикалық қайталама емтихан алдыңғы емтихан күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалады.

Теориялық емтихан "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ айқындайтын тәртіппен өткізіледі және оператордың қатысуымен өткізіледі.

Оператор емтихан тапсырушылардың осы қағидаларда белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.

Теориялық емтиханды тапсыру үшін емтихан тапсырушылар емтихан күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өтінішті "электрондық үкімет" порталы, порталдың интеграциялық сервистері арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы береді.

Мемлекеттік корпорацияға хабарласқан кезде емтихан тапсырушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты болуы тиіс. 

Оператор жеке басты куәландыратын құжатты не электрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі (сәйкестендіру үшін) мәліметтермен салыстырып тексереді.

Портал арқылы жүгінген жағдайда емтихан тапсырушының "жеке кабинетінде" не порталдың тиісті интеграциялық сервисінде Мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Емтихан алушы теориялық емтиханды тапсыру үшін бос орындардың болуына қарай тестілеу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей теориялық емтиханды тапсыру орны, күні мен уақытын таңдайды.

Пилоттық жобаның толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір