• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:39:03
Алматы
+35°

Талибан Ауғанстанды бақылауға алып, үш аптадан кейін уақытша үкіметті басқаруға Молла Мұхаммед Хасан Ахундты тағайындады.

Молла Ахунд – БҰҰ санкциялар тізіміндегі адам. Ол ұзақ уақыт бойы Талибанның негізгі шешімдерін қабылдайтын орган – көшбасшылық кеңесті басқарады. Ол бұған дейін 1996-2001 жылдары Талибан билігінде сыртқы істер министрі, кейін премьер-министрдің орынбасары болған.

Сейсенбіде Кабулда өткен баспасөз мәслихатында Талибан өкілі Забихулла Мужахид тәліптердің басшысы Молла Ахундтың орынбасары Талибан қозғалысының негізін қалаушы Абдул Ғани Барадар болатынын айтты.

Талибан басшылығындағы көптеген адамдар сияқты Молда Ахунд өз беделін қозғалыстың тұңғыш көшбасшысы Молла Мұхаммед Омарға жақындығы арқылы жинаған.

Ахунд Талибан қозғалысы пайда болған Кандагардан шыққан.

БҰҰ-ның санкциялар туралы есебінде ол Омардың "жақын серіктесі және саяси кеңесшісі" ретінде сипатталған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Талибан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір