• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:12:09
Алматы
+35°

Солтүстік Қазақстан облысында Тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері 11 күннен бері аштық жариялап жатыр. Кеншілердің сөзінше, Обухов тау-кен байыту комбинатын біреулер рейдерлік жолмен басып алмақшы. Осылайша наразылыққа шыққан жұмысшылар табыссыз қаламыз ба деп алаңдаулы.

Қазіргі уақытта комбинаттың 4 жұмысшысы 11 күннен бері аштық жариялап отыр. Жұмысшылар ресейлік акционерлері саналатын "Башқұрт сода" компаниясы зауытты банкротқа жеткізіп, сосын оны басқа шетелдіктерге сатып, толықтай солардың басқаруына беруді көздеп отыр.
 
Бүгінде кен орны қызметкерлері жалақыларын әлі күнге дейін ала алмай әлек. Өйткені Ресей мен Қытайға экспортталуға тиіс "цирконий" концентраты сатылмай келеді. Ал оны жергілікті полиция еш себепсіз рейдерлік әрекетпен тәркілеп әкетіп жатыр, дейді комбинат қызметкерлері.
 
– Акционер саналатын ресейлік олигархтардың мақсаты компанияны банкроттық жағдайға жеткізу. Сосын оны басқа шетел инвесторларына іс жүзінде қымбатқа сату, ал өздері қағаз жүзінде банкроттықтың алдында тұрған комбинатты өте арзанға саттық деуі де мүмкін. Айналып келгенде ресейлік акционерлердің мақсаты осы болып тұр, – дейді адвокат Абзал Құспан.

Өндірісті мүлдем тоқтатып тастау үшін әлдекімдер комбинаттағы электр энергиясын сөндіріп тастаған. Ашынған халық компания басшыларына талаптарын айтып, аштық жариялауды жалғастыруда.

– Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Біздің мәселемізге назар аудармайынша аштықты жалғастыра береміз. Аштыққа дайынбыз, – дейді жұмысшылар.

Комбинатта қызмет етіп, адал асын тауып отырған 500-ге жуық қызметкер Нұр-Сұлтанда бейбіт митинг өткізбек болған. Бірақ, полиция оларды ауылдан шыққан бойда ұстап әкеткен. Компания басшылығы мұны әкімдік пен ресейлік құрылтайшылардың әдейі жасап жатқан ісі деп топшалады.

– Бізбен 10 жылдан астам уақыт серіктес болған ресейлік компания өзіміздің "Tioline" компаниясын әлсіретіп, толықтай өз қарамағына өткізіп алғысы келіп отыр. Құрылтайшылардың ондағы негізгі мақсаты – активтерді ресейлік ірі "Башқұрт сода" компаниясына сату. Бұл дегенеміз – Қазақстан өзінің мықты тау-кен орнын шетелдіктерге қолдан бере салады деген сөз, – дейді компанияның атқарушы директоры Виктор Долгалев.

Обухов тау-кен байыту комбинатының жұмысшылары наразылық білдіріп, мәселеге мемлекеттік органдар назар аударуын сұрайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: СҚО тау-кен

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір