• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:28:52
Алматы
+35°

Қытай Коммунистік партиясының сайты "Жэньминь жибао" (Халық газеті) қазақ тілінде хабар тарата бастады, деп хабарлады Қытайдың ресми басылымы.

"Жэньминь жибао" онлайн халық газеті қазақ тіліндегі нұсқасы халыққа Қытай саясаты, экономикасы, қоғамы, мәдениеті, ғылымы мен білім, техника, туризм секілді көптеген салаларынан ақпарат береді.

Сайттың бүгінде қазақ тілінен бөлек, ағылшын, жапон, француз, испан, орыс, араб, корей, неміс, португал, итальян, суахили сынды шет тіліндегі нұсқасы бар.

"Бұл жобаның мақсаты көп тілде хабар тарату арқылы халықаралық жаңа медиа құру қадамын оңтайландыра түсу" делінген сайтта жарияланған ақпаратта. 

Сайттың кириллица қарпімен берілген қазақ тіліндегі нұсқасында "Қытай-Қазақстан" айдары бар. Ол жерде Қазақстанға қатысты ақпараттар күнделікті жаңарып, салынып отырады.

Мысалы, сайтта Жамбыл облысындағы әскери бөлім қоймасынан өрт шығып, жарылыс болғаны жайлы ақпарат жарияланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай басылымы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір