• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 06:01:11
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 10 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 7 010 302 адам, ІІ компонентін  5 834 656 адам салдырғанын мәлімдеді.

Өткен тәулікте елде ПТР тест арқылы 4024 адамнан коронавирус, 275 адамнан пневмония анықталған.

8 қыркүйекте 78 адам коронавирустан, 19 адам пневмониядан көз жұмған.

Қазақстанда пандемия басталғалы ПТР тест арқылы коронавирус расталған жағдайлардың жалпы саны 832 248-ге жетті. Оның 10 154-і қайтыс болған. 2020 жылғы 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сай, 72 223 адам пневмонияға шалдыққан. 463 адам көз жұмған.

10 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 82 162 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 17 245 пациент стационарда, 64 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 1 310 адамның жағдайы ауыр, 373 пациенттің жағдайы өте ауыр, 208 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір