"Ауғанстан жаппай кедейлік шегінде тұр" деп хабарланды Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жариялаған зерттеуде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы ұзақ уақытқа созылған құрғақшылық, азық-түлік тапшылығы және жалғасып жатқан Ковид-19 пандемиясынан туындаған гуманитарлық дағдарыстан Ауғанстан халқының шамамен 97 пайызы кедейлік шегінен төмен өмір сүруі мүмкін екенін ескертті.

БҰҰ ақпаратынша, Ауғанстанда кедейлік деңгейі 25 пайызға ушығуы мүмкін.

Зерттеу барысында Ауғанстандағы ауыр жағдайдың төрт болжамды сценарийі талданды.

Ең нашар сценарий бойынша, барлық негізгі серіктестермен екі айлық сауда-саттықтың үзілуі, капиталды жұмсау тиімділігінің төрт пайызға төмендеуі мен сыртпен байланыстың тоқтауы сияқты факторлар Ауғанстандағы кедейшілік деңгейінің 72 пайызға жетуіне әкелуі мүмкін.

Соңғы жиырма жылдағы қақтығыстар салдарынан Ауғанстандағы жағдай өте ауыр дағдарысқа ұшырады.

Зерттеу көрсеткендей, Ауғанстанда мемлекеттік қаржының құлдырауы, шетел резервтерінің жабылуы және банк жүйесіне қысым күшеюі ықтимал.

Қазіргі уақытта Ауғанстан орталық банкінің шетелдегі 10 миллиард долларға жуық активтері бұғатталған. Бұл жаңа әкімшіліктің негізгі қозғаушы күші болып саналады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстан қоғамының "толық күйреу" қаупі бар екенін ескертті. Талибан үкіметіне алаңдаушылық білдіргеніне қарамастан, халықаралық қауымдастық Ауғанстанға ақша ағынын ұстап тұрудың жолын таба алмады.

БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Дебора Лайонс бейсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстанды сұрапыл дағдарыс күтіп тұрғанын айтып, "экономика мен әлеуметтік тәртіптің толық қирауына жол бермеу үшін" елге ақша құюдың жолын іздеу керектігін айтты. Дағдарыс, оның ішінде валютаның құлдырауы, азық-түлік пен жанармай бағасының күрт өсуі және жеке банктерде қолма-қол ақшаның болмауы айтылды. "Биліктің жалақы төлеуге қаражаты да жоқ" деді ол.

– Экономикаға тағы бірнеше ай тыныстауға мүмкіндік беру керек, бұл Талибанға икемділік пен әрекетін басқаша жасауға шынайы ерік-жігерді көрсетуге мүмкіндік береді, әсіресе адам құқықтары, гендерлік саясат және терроризмге қарсы тұру тұрғысынан, – деді Лионс.

Кеңес мүшелері қаражаттың мақсатсыз пайдаланылмауын қамтамасыз ету шараларын ойластыруға болатынын айтты.

Ілмек сөздер: Ауғанстан БҰҰ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір