• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:06:01
Алматы
+35°
 
Білім және ғылым министрлігі мектеп ауласындағы дәретханаларға қатысты сұрақтарды шешу және бейнебақылау камералармен, дабыл батырмалары және қауіпсіздік жүйелерінің басқа элементтерімен қамтамасыз етуге байланысты тапсырмаларды орындамаған тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін бірқатар өңірдің әкімдіктеріне хат жолдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
 
"Мектептерді қаржыландыру функциялары, олардың құрылысы және қажетті жағдайлар жасау, оның ішінде санитарлық, қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері заң жүзінде әкімдіктердің құзырында екенін атап өткен жөн. Оқу жылының басталуы қарсаңында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің қызметкерлері еліміздің барлық облысы мен қалаларындағы әкімдіктерге ведомстволық бағынышты мектептерді тексерді. Инспекция барысында Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарындағы және Шымкент қаласындағы мектептерде жылы дәретханалармен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштің 100%-ға жетпейтіні анықталды. Бұған дейін Үкімет оқу жылының басында мектеп ауласындағы барлық дәретхананы жою міндетін қойған болатын" делінген ақпараттық хабарламада.
 
Министрлік пайдаланылатын жылы дәретханалардың эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бойынша да сұрақтар туындағанын мәлім етті. Жабық кабиналар, қолды жуу және кептіруге арналған құрал-жабдықтардың болуы жөніндегі және тағы басқа талаптар толық орындалмаған. Министрлік мәселелерді шешу үшін Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті санитарлық ережелерге өзгерістер енгізген.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: асхат аймағамбетов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір