• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:02:22
Алматы
+35°

Толық бетперде киген ауған әйелдері сенбіде Кабул университетінің дәріс театрында наразылыққа шықты. Олар тәліптердің гендерлік қатаң саясатына адал екендіктерін айтты.

Тәліптердің білімге арналған жаңа саясатын қолдап, басынан аяғына дейін жабылған 300-ге жуық әйел Батыс елдеріне қарсы сөйлеп, Талибан жалаушаларын көтерді.

Олар беттің көзден көп бөлігін жабатын қара киім, көбі қара қолғап киген.

1996-2001 жылдардағы Талибан билігі кезінде әйелдер құқы негізінен толықтай шектелді. Тәліптер өткен айда билікке қайтадан келген соң  әйелдерге жеңілірек ережені қолданатынын мәлімдеген болатын.

"Егер әйелдер бетпердемен және жынысына қарай (ерлерден) бөлініп дәріс алса, қыздарға университетке түсуге рұқсат етіледі" деді Талибанның білім басқармасы.

Ұйымдастырушылар "студенттер" деп атаған әйелдер Кабулдағы Шахид Раббани атындағы Білім университетінде баяндамалар тыңдады.

Мінбеге Талибанның үлкен жалаушалары ілінді. Спикер әйелдер соңғы күндері Ауғанстанда наразылық акциясына шыққан әйелдерді сынға алды.

Олар Ауғанстан Ислам Әмірлігінің жаңа үкіметін қорғады. Спикерлер ауған әділет министрлігі рұқсат бермесе, шерулерге тыйым салынғанын айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Талибан Ауғанстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір