• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:45:18
Алматы
+35°

Бокстан 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Бақтияр Артаевқа үндеу жолады, деп хабарлады Sports.kz сайты.

– Бүгінде қазақстандық бокста қолайсыз жағдай болып жатқаны ешкімге құпия емес. Ангелина Лукас үшін өте өкінішті, оның беделін түсіріп, күлкіге қалдырғысы келеді. Маратбек Мықтыбеков пен Бақтияр Артаев жағдайды түсінбей, тым көп жауапкершілікті өз мойнына алды. ҚҚБ мұндай абсурдқа әкелместен шеше алар еді. Бірақ мұны істемедіңіз. Менің үндеуімді видеодан тыңдаңыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Бақтияр Артаев, сен Назым Қызайбайды, ал мен Ангелина Лукасты дайындаймын. Кімнің жеңімпаз болатынын көрейік, – деп жазды Сәрсекбаев Instagram парақшасына.

Айта кетейік, екі боксшының арасындағы дау Ангелина Лукастың Қазақстан чемпионатында Назым Қызайбайдан жеңіліп, кейіннен Токио олимпиадасына жолдама ала алмай қалғанынан басталған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от БАХЫТ САРСЕКБАЕВ?? (@b.sarsekbayev)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір