13 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
"Солтүстік Корея Жапонияға соққы бере алатын және ұзақ қашықтыққа ұшатын қанатты зымыранды сынақтан өткізді" деп хабарлады дүйсенбіде Пхеньяндағы мемлекеттік БАҚ.
"Демалыс күндері өткізілген сынақтарда зымырандар 1500 км қашықтыққа ұшатыны байқалды" деп хабарлады Солтүстік Кореяның орталық ақпарат агенттігі (КОАА).
Пхеньян азық-түлік тапшылығы мен экономикалық дағдарысқа қарамастан қару-жарақ шығаруға әлі де қабілетті екенін көрсетуде.
"Бұл сынақ Солтүстік Кореяның қауіпсіздігіне кепілдік беретін және жау күштердің әскери маневрлерін қатаң түрде тойтаратын тежеу шарасы ретінде стратегиялық маңызы бар" деп хабарлады ақпарат агенттігі.
Солтүстік Корея сарапшысы Анкит Панданың айтуынша, бұл – ядролық оқтұмсықтарды алып ұша алауы ықтимал алғашқы қанатты зымыран.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір