• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:53:35
Алматы
+35°

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ават ауылында 46 жастағы мектеп директоры асылып қалған, деп хабарлады exk.kz сайты.

“Қол астындағы қызметкері мен білім ошағы басшысының арасында жанжал болған. Мектепте құйтырқы әрекеттерге барған үшін педагог жұмыстан шығарылған. Десек те әлгі қызметкер сот арқылы қайта оралып, директорға қоқан-лоққы көрсеткен. Соттың барлық инстанциялары арқылы шағым түсірген” делінген жазбада.

Марқұм Азизжан Дараев 2011 жылдан бері Г. Садвакасов атындағы мектептің директоры болып жұмыс істеген.

Қазіргі таңда мектеп директорының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның мұндай әрекетке не себепті барғаны анықталып жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір