• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

20 Қыркүйек, 10:11:38
Алматы
+16°
Білім және ғылым министрлігі оқу жылының басынан білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне 70-ке жуық өтініш келіп түскенін хабарлады.
 
Ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында әлі де өте көп шағым келіп жатқанын айтты.
 
– Әр шағым бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Қызметінен босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасады. Мұғалім тек балаларға сабақ беру керек. Басқа жұмыстарға араласуға тыйым салынады. Қағазбастылықтан арылу жұмыстары  да жалғасады. Бұл мәселе менің назарымда болады. Ең бірінші біз білім басқарламаларынан бастауымыз керек. Тағы да ескертемін егер заң бұзылатын болса, қатаң шара қабылдайтын боламыз, – деді министр.  
 
Аймағамбетов айтқан шағымдардың көпшілігі білім министрлігінің ресми сайтында жарияланды. 
 
Мәселен, Түркістан облысында балабақша тәрбиешісі қызметінен заңсыз босатылған. Алайда әкімдіктің білім басқармасы оның құқығын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдамаған. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департамент қызметкерлерінің араласуынан кейін ғана тәрбиеші бұрынғы жұмысына қайтып оралған.
 
Атырау облысында педагогикалық этика ережелерін бұзғаны үшін Қ. Ахмедияров атындағы орта мектептің мұғалімі жұмысынан босатылған.
 
Алматы облысында департамент қызметкерлері мұғалімнің өтінішінен кейін шаралар қабылдаған. Өтініште мұғалім білім беру ұйымдарында ақша жинау және оларға тән емес функцияларға тарту фактілері туралы хабарлаған. Мәселе қаралғаннан кейін Текелі қаласындағы №6 орта мектебінің директорын қызметінен босату туралы шешім қабылданып, осыған ұқсас фактілер расталды. Сонымен қатар Текелі қаласы әкімдігінің білім бөлімі басшысының м.а. тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.
 
Педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерінің ең көп бұзылуы Түркістан және Алматы облыстарында байқалады.
 
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде иммунизациялау шаралары бойынша тізім жасау туралы құжат жарияланды. Мұндай ақпаратты жинау жөніндегі бұйрық БҒМ тарапынан қарастырылмаған. Аудандық білім бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша әр облыста педагогикалық әдеп жөніндегі комиссиялар құрылған, олар педагогтердің құқықтарын бұзу бойынша өтініштер мен фактілерді жедел қарайды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір