• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:12:19
Алматы
+35°

Қазгидромет ауа райының өзгеруіне байланысты ескерту жариялады.

Күндіз 15 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с болатын жел күтіледі. Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жел соғуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік сақталады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Күндіз 15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір