• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:58:30
Алматы
+35°

Бақытжан Төреғожина, Ғалым Ағелеуов, Елена Семёнова секілді құқық қорғаушылар түрмедегі ақын, белсенді, диссидент Арон Атабекке рақымшылық жасау туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, қол жинай бастады.

– Бес күн бойы қол жинаймыз. Кейін ол хатты Ақордаға жібереміз. Рақымшылық туралы комиссия жылына төрт рет кеңес өткізеді. Мен өз жазбамда президенттің кеңесшілері мен оған жақын саяси серіктерін белгіледім. Олар мәселені президентке жеткізсе, қалаған уақытында шешім шығара алады, – деп жазды Бақытжан Төреғожина Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, 18 тамыз күні Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігі тобының өкілдері Павлодар облысындағы АП-162/1 түзету мекемесіне жазасын өтеп жатқан ақын Арон Атабекке барғаннан кейін, оның халінің нашар екенін айтқан еді.

Арон Атабек 15 жылдан бері түрмеде отыр. Ол 2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Сот Атабекті "Шаңырақ" оқиғасы кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің өліміне айыпты деп таныған.

Тоқаевтың атына жазылған хатты мына сілтемеден оқи аласыз. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Арон Атабек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір