• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:13:08
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 15 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 3343 адамнан коронавирус, 241 адамнан пневмония анықталған.

14 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 58, пневмониядан 6 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 851 661-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 73 363.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 194 860
адам, 2-компонентін 6 019 027 адам салдырған.

16 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 74 492 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 13 853 пациент стационарда, 60 639 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1105 адамның жағдайы ауыр, 321 пациенттің жағдайы өте ауыр, 194 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір