• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:05:31
Алматы
+35°

Қорғаныс министрлігі Алматы облысында парашютпен секіру жаттығулары кезінде әскери қызметшінің қаза тапқанын хабарлады.

Қайғылы оқиға 14 қыркүйекте парашютпен оқу-жаттығуды пысықтау кезінде болған. Марқұмның кім екені әзірге белгісіз. Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

"Парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, әскери шені "капитан", 1990 жылы дүниеге келген офицер қаза тапты" делінген хабарламада.

Бұған дейін әскери сарбаз парашютпен 50-ге жуық секіру орындаған. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген.

Қазір қайғылы жағдайдың себеп-салдары анықталып жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір