• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:15:42
Алматы
+35°

Инженер, кәсіпкер Илон Масктың SpaceX компаниясымен төрт турист ғарышқа үш күндік сапарға аттанды. 

"Inspiration4" деп аталатын бұл миссия адамзат ғарышқа ұшқан 60 жылдағы туристердің орбитаға алғаш рет ғарышкерсіз ұшуы болып  отыр. Миссия компанияның "Dragon" капсуласы арқылы жүзеге асады.

Джаред Иссакман, Хейли Аркено, Сиан Проктор және Крис Семброски есімді жолаушыларды SpaceX компаниясы алты ай бойы қарқынды дайындықтан өткізген. Дегенмен, борттағы компьютерлік жүйелер "Dragon" капсуласын автоматты басқаратын болады.

Ғарыш кемесі АҚШ-тың Флорида штатындағы НАСА-ның Кеннеди ғарыш орталығынан Алматы уақытымен бейсенбі таңғы 5:02-де көтерілді. Үш күнге созылатын сапарда төрт турист орбитамен еркін қозғалып, жершарын 90 минут сайын бір рет  айналып өтеді. Салмақсыздық күйінде ғарышта қалықтап, жердің панорамалық көріністерін көреді.

Сапар аяқтағанда ғарыш аппараты қайтадан Жер атмосферасына еніп, Флорида жағалауына түседі.

Ғарышта жарты апта бойы болатын жолаушылар капсуланың жоғарғы жағында орналасқан нөлдік гравитацияға арналған арнайы дәретхананы бөлісуге мәжбүр болады. Жуынбайды, ұшу кезінде орындықтарында ұйықтайды.

Бұған дейін осы жаздың басында миллиардер кәсіпкерлер Ричард Брэнсон мен Джефф Безос өздерінің ғарыш аппараттарымен Жер атмосферасынан жоғары көтерілген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір