• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:58:02
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 18 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 3081 адамнан коронавирус, 236 адамнан пневмония анықталған.

15 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 62, пневмониядан 8 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 854 742-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 73 599.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 228 047
адам, 2-компонентін 6 059 729 адам салдырған.

17 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 72 789 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 13 610 пациент стационарда, 59 179 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1064 адамның жағдайы ауыр, 317 пациенттің жағдайы өте ауыр, 192 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір