• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:12:07
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жариялаған қаулыға қатысты Ақтөбе қаласының әкімшілік сотына арыз түсті. Бұл туралы Диапазон сайты хабарлады. 

Бас санитар дәрігер 3 қыркүйекте жариялаған қаулыда коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысқа баруына тыйым салған. Бұған облыстың 3 тұрғыны қарсылықтарын білдіріп, мұндай талап дұрыс емес және заңға қайшы деп есептейді. Арызданушылар бас санитардың күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат бермеу туралы тармақтарды алып тастауды талап етуде.

"Ақтөбе соты Ерлан Қиясовтың Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтінін анықтады. Тұрғындар қарсылық білдірген қаулы да сол қалада шығарылған болатын. Демек іс ол жерде қаралуы қажет. Арыз-шағым Нұр-Сұлтан қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді" делінген ресми хабарламада. 

Еске сала кетейік, 3 қыркүйекте жариялаған қаулыда бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлердің 6 қыркүйектен бастап жұмысқа шығуына шектеу қойған болатын.

Бұл талап тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 айда коронавируспен ауырған жұмысшыларға қатысты емес. Қаулыда ұйымдардың нақты тізімі де көрсетілген. Олардың ішінде банктер, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, фитнес, спорт кешендері, типографиялық қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар және тағы басқа халыққа қызмет көрсету нысандары бар.


 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ерлан Қиясов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір