• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:28:46
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 17 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2901 адамнан коронавирус, 216 адамнан пневмония анықталған.

16 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 59, пневмониядан 15 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 857 643-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 73 815.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 259 649
адам, 2-компонентін 6 108 540 адам салдырған.

18 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 70 984 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 13 087 пациент стационарда, 57 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1041 адамның жағдайы ауыр, 276 пациенттің жағдайы өте ауыр, 189 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір