• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

16 Қазан, 08:11:27
Алматы
+5°

Фото: Алматы қаласының баспасөз қызметінен

Өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету шаралары аясында Ақжар шағынауданында 1,5 жылдан аз уақытта өрт сөндіру депосы салынды. Қала күні бөлімшенің ашылуы өтті, оның жауапкершілік аймағында Наурызбай ауданының 130 мыңнан астам тұрғыны бар.


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өрт сөндірушілерді бөлімшенің ашылуымен құттықтап, қызметтері үшін алғысын білдірді. Жаңа өрт сөндіру бекеті оқиға орнына бару уақытын қысқартады және өрт қауіпсіздігінің тиімділігін арттырады. Қала әкімі бөлімшені, гарнизон қызметкерлеріне арналған жатақхананы қарап шықты. Сонымен қатар өрт сөндірушілерге қызметтік көліктердің кілті табысталды.

Ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, қызметтің ардагерлері де қатысты.

2014 жылы құрылған Наурызбай ауданына Жайлау, Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Қарғалы, Таусамалы, Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы, Шұғыла, Алтын Алаш, Қалқаман-1, 2, 3 шағынаудандары кіреді. Жалпы тұрғындар саны – 130 108 адам.

Қалаға қосылған аумақта өрт сөндіру бекеті болмады, сондықтан Ақжар шағын ауданында өрт сөндіру посты ұйымдастырылды. 2015 жылдан бері бұл бөлімше 700-ден астам шақыртуларға барды.

Фото: Алматы қаласының баспасөз қызметінен

Фото: Алматы қаласының баспасөз қызметінен
Екі қабатты депо ғимаратының құрылысы 1,5 жылдан да аз уақыт ішінде аяқталды. Өрт сөндіру бөлімі жалпы алаңы 3,2 мың шаршы метрге жуық алты шақыртуға есептелген.

Автоцистерналар өрт сөндіру бөлімінің қораптарына орналастырылады. Ауданның белсенді дамуын ескере отырып, өртті сөндіруге арналған құрал-жабдықтармен бірге, бөлім биік үйлерге арналған арнайы көліктермен жабдықталатын болады.

Бүгінде Алматы қаласының өрттен қауіпсіздігін 17 бөлімше қамтамасыз етеді. Өрт сөндіру қызметі 157 бірліктегі өрт сөндіретін автотехникамен жасақталған, күн сайын тәуліктік кезекшілікке 250-ге жуық адам шығады. Биыл жергілікті бюджет есебінен гарнизон тағы 45 бірлік техникамен толықтырылады.

Фото: Алматы қаласының баспасөз қызметінен

Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігін күшейту және төтенше жағдайларға дер кезінде ден қою мақсатында Алатау ауданында өрт сөндіру бекетінің құрылысы аяқталуда. Бостандық ауданының Нұр-Алатау шағынауданындағы 4 шақыртуға бара алатын өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүргізілуде.

Фото: Алматы қаласының баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласының баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласының баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласының баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір