• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:56:54
Алматы
+35°

Қазақстандық ауыр атлеттер Михаил Макеев пен Фархат Самарханов  25 жастағы Альберт Линдердің қайғылы қазасыннан кейін видео үндеу жасады, деп хабарлады Sports.kz.

– Менің атым Макеев Михаил. Альберт Линдердің қазасынан кейін мен бір нәрсені түсіндім. Жылдар бойы басқа адамдардың пайдасы үшін жаттығып, жарыстарға қатысқандықтан, маған бұл медальдар қажет емес, – деді Макеев.

Спортшы Фархат Самарханов та видеода  білдірді.

– Мен бұл видеоны ауыр атлетикаға қатысы бар барлық адамға және қарапайым халыққа жеткізгім келеді. Біздің жағдайымызға спорт әлемінде, ауыр атлетика әлемінде, атап айтқанда Альберт Линдердің қайтыс болуына… Мен оның есімін еске алу үшін бір ауыз сөз айтқым келеді. Жас кезімізде біз үлкен биіктерге қол жеткізгіміз келді, бірақ барлық жағынан бізге кедергі көп болды. Ал Альбертпен болған жағдайға келсек, оның жағдайында оның өміріне балта шабылды, – деді ол.

Спортшы  жастарға  спорттағы қиындықтар жайлы пікірін де айта кетті.

– Бізге жаттықтырушылар: "Орныңды баса алмайтын адам болмайды. Сен кетсең, басқасы келеді" деп айтқан болатын. Ал бұл медальдар маған енді керек емес. Бұлар өмірімнің бос кеткен жылдарын еске түсіреді. Сондықтан ешқандай мағынасы жоқ, –  деді Самарханов.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте 25 жастағы дарынды спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер өзіне қол жұмсаған болатын. Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сай тергеу бастады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір