• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

16 Қазан, 08:06:22
Алматы
+5°

Денсаулық сақтау министрлігі 19 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2438 адамнан коронавирус, 67 адамнан пневмония анықталған.

18 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 37, пневмониядан 6 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 862 862-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 74 092.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 300 062 адам, 2-компонентін 6 161 154 адам салдырған.

20 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 70 290 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 13 333 пациент стационарда, 56 957 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1051 адамның жағдайы ауыр, 278 пациенттің жағдайы өте ауыр, 143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Жасыл" аймақта - Түркістан, Жамбыл облыстары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір