Ресейдің Пермь университетінің аумағында атыс болып, салдарынан 8 адам қайтыс болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"8 адам қаза болды, бірнеше адам жарақат алды. Қаза болғандар мен жарақат алғандар туралы деректер нақтыланып жатыр. Студенттер мен оқытушылардың бір бөлігі ғимараттан шығып үлгерсе, басқа іште қалғандар аудиторияларды іштен іліп алып отыр" делінген хабарламада.
Сонымен қатар университет аумағында оқ жаудырған студенттің кім екені анықталған. Полицейлер оны ұстау кезінде қарсылық танытқан, кейін ол жарақат алғаны белгілі болды.
Аталған факт бойынша екі және одан көп адамды өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, бұған ұқсас жағдай Татарстан астанасы Қазан қаласында орын алған. 11 мамырда 19 жастағы жасөспірім Ильназ Галявиев өзі оқыған № 175 гимназияға қарумен шабуыл жасап, мектептің кіреберісінде қолдан жасалған жарылғыш затты іске қосқан. Соның салдарынан 2 мұғалім және 7 оқушы қаза тауып, 21 адам жарақат алған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру